Референдум күнінде коронавирустың таралуының алдын алу алгоритмі бекітілді
Республикалық референдум өтетін күнде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу алгоритмі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, референдумды өткізу кезінде:
1) адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ете отырып, референдумға қатысушылардың легін реттеуді;
2) үй-жайларда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін;
3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда үй-жайларды жүйелі желдетуді;
4) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды желдетуді;
5) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды жуу құралдарын қолдана отырып тазалау, ылға